Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    1 сыныпқа қабылдау

    2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау!
    Хабарландыру!

              Құрметті ата-аналар! «№ 8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені» КММ- сі 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа оқушылар қабылдайтынын хабарлайды. 

              1-сыныпқа мектептің мөлтекауданына жататын мекен-жайда тұратын және бос орындарға басқа мекен-жайда тұратын балалар қабылданады. 2017 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы білім туралы заңның 31-бабының I тармақшасына сәйкес,1-сыныпқа балалар 6 жастан қабылданады. Аталған норма 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылуда.

    1 сыныпқа өтініштер қабылдау 1 сәуір-1 тамыз аралығында жүргізіледі. Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қарастырылады.

            1 сыныпқа қабылдау egov.kz порталы және sakura арқылы  іске асырылады( өтінішті үйден электрондық сандық қол арқылы жолдауға болады). 1-сыныпқа өтініш беруде көрсетілген құжаттардың сканерлік көшірмелерін жүйеге бекіту қажет.

    1-сыныпқа қабылдайтын құжаттар тізімі:

    1. Ата-аналардың өтініші ( немесе оларды алмастыратын тұлғалар)
    2. «Бала денсаулығы паспорты» 026/у -3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат
    3. 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат
    4. 3х4 көлеміндегі 2 фото

    Назар аударыңыздар!

    Барлық құжаттардың тек қана жақсы оқылатын көшірмелерін жүктеу қажет. Дұрыс емес (оқылмайтын) құжаттарды  салған жағдайда сіздің өтінішіңіз мақұлданбайды. Білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш мақұлданбаған жағдайда, өтініш беруші өтінімді қайтадан бере алады.  Егер мектепке қабылдауға өтінім берілсе және өтініш қарастыруда болса, өтініш қайтадан беру мүмкіндігі болмайды. Мектепке қабылдау туралы жауапты алған жағдайда, мектепке  құжаттардың  түпнұсқаларын ұсыну қажет.Өтінішті берген кезде өзекті байланыс деректерін (ұялы телефон нөмері, электрондық поштаны) көрсету қажет. Көрсетілген электрондық пошта мен телефон номеріне ескерту түріндегі хабарлама жіберіледі.

    Мекен-жайымыз: Н.Назарбаев көшесі 160

    Мына телефон номірлеріне хабарласыңыздар: 8 (715-2)-41-22-63

     

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    корона

    Пайдалы сілтемелер