Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Жаңалықтар

    Петропавл қаласының оқушылар тобы театрда өнер көрсетеді


    Облысымызда тұңғыш рет Петропавл қаласының №8 эстетикалық мектеп-кешенінде тәлімгерлері театр сахнасында өнер көрсетеді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті ұйымдастырған дөңгелек үстелде хабарлады.
    Мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасы аясында Петропавл қаласында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қызметі туралы дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараға Департаменттің қызметкерлері және қала мен облыстың мектептерінен куратарлары қатысты.
    - «Адал Ұрпақ» Ерікті мектеп клубы мектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дербес түрде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімсіз қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бастамаларды көтереді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды ұйымдастыруға қатысады», - дейді Департамент басшысының орынбасары Елена Степаненко.
    Ол облыс мектептерінде «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы туралы, облыстың білім беру басқармасының бас маманы Ботагөз Тағырдретова айтып берді. Оның айтуынша, облыстың барлық жалпы білім беру мекемелері осы жоба бойынша белсенді жұмыс жасайды.
    Бұдан басқа, «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы аясында Петропавлдағы қазақ мектеп-гимназиясының директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айгүл Нұртаева хабарлады. Бағдарлама шеңберінде оқу орнында балалар сурет көрмесі, мектеп-гимназия Президентінің сайлауы және тағы басқа іс-шаралар өткізіліп отыр.
    Петропавл қаласының №8 эстетикалық мектеп-кешенінде көптеген қызықты іс-шаралар өткізіледі.
    - №8 мектеп оқушылары арасында алғаш рет департаменттің үлгісі негізінде әзірленген «Адал Ұрпақ» ерікті клубының төс белгісімен марапатталды, - мектептің көшбасшысы Николай Тихненко қорытындылады.- Театр өнері секілді шараларды атап өтуді жоспарлап отырмын, оқушылар мен олардың ата-аналары арасында біздің мектептің оқушылары үшін үлкен қызығушылық тудыратын «Адал және сатылмайтын жұмыс бейнесі», сурет байқауы өтті.
    Дөңгелек үстелдің сөз түйініңде Департамент басшысының орынбасары Елена Степаненко «Facebook» және ВКОНТАКТЕ сияқты әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істелініп жатқаның айтты. «Березка» лагеріне және облыс орталығының №8 мектебіне алғысын білдірді:
    - «Ақиқат аспаныңда» «Қазақфильм» АҚ-ның деректі фильмін түсіруге көмектесу үшін «Березка» лагері басшылығына алғыс айтамын және Петропавл қаласының №8 эстетикалық білім беру мектебіне де алғысымыз шексіз. 30 наурыз күні Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында сол мектебінің балалары «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» атты қойылымын көрермендерге паш етеді. Айта кетейік, осындай іс-шара Республикада тұңғыш рет болады.





    28.03.2018
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Білім беру ұйымдарының балаларды тасымалдауы жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер