Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Жаңалықтар

    6 және 7 қараша күндері 1–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. 👮‍♂️👮‍♀️Жиналысқа облыстық прокуратураның аға прокурор көмекшісі Р.Х.Насиров, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, полиция капитаны Ж.Т. Байдильдина қатысты. 👮‍♂️Облыстық прокуратураның аға прокурор көмекшісі Р.Х.Насиров балаларды буллингке тартқаны үшін заңдық жауапкершілік туралы және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау шаралары жөнінде егжей-тегжейлі баяндады. Ерекше назар балалар суицидінің алдын алуға, психологиялық қиындық белгілеріне дер кезінде назар аудару маңыздылығына және бала үшін қауіпсіз әрі сенімді атмосфера қалыптастырудағы отбасының рөліне аударылды. 👮‍♀️ Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор ата-аналарды жиі кездесетін әкімшілік құқықбұзушылықтар, балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігі және отбасы мен мектептің бірлескен алдын алу жұмыстарының маңызы туралы хабардар етті. 🍎 Ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесімен ата-аналарды әлеуметтік педагог В.Д.Суковых таныстырды. Ерекше назар салауатты тамақтануға аударылды. 📚 Кітапхана меңгерушісі Ж.Ж.Абдульманова «Оқуға құштар мектеп – табысты мектеп» тақырыбында сөз сөйлеп, оқуға деген сүйіспеншілік пен кітап оқудың маңыздылығы туралы ақпарат берді.

    07.11.2025
    0
    Толығырақ

    2025 жылдың қыркүйек пен қазан айлары аралығында мектептшілік бақылау жоспарына сәйкес 10-сынып оқушыларының бейімделу үдерісіне бақылау жүргізілді. 📘📗📙29 қазан күні қорытынды отырыс өтті. Жұмыс барысында оқушылардың оқу жетістіктері мен бейімделу нәтижелері талқыланды. 💥💥💥Мұғалімдер өз бақылауларымен бөлісіп, оныншы сынып оқушыларының әр пән бойынша жетістіктері мен қиындықтарын, сондай-ақ мүмкіндіктерін анықтады. ⌛️⌛️⌛️Жоғары сыныпқа бейімделуді бағалау – оқушылардың артқан оқу жүктемесі мен бейінді оқыту талаптарына қаншалықты сәтті бейімделіп жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. 💻⏰💡🪫🔋Жұмыс форматы білім беру үдерісін кешенді түрде бағалауға және әр оқушыға тиімді қолдау шараларын әзірлеуге жағдай жасады. 💰💰💰Негізгі мақсат – тек оқу нәтижелерін бағалау ғана емес, әрбір оқушының оқуындағы және жеке дамудағы табысты өсуіне мүмкіндік туғызу.

    31.10.2025
    0
    Толығырақ

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Білім беру ұйымдарының балаларды тасымалдауы жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер