Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Жаңалықтар

    Мамыр айында Педагогикалық қолдау орталығы ата-аналарға арналған келесі тақырыптарда сабақтар өткізді: 1–4 сыныптар үшін – «Бақытты аналықтың сыры», 5–9 сыныптар үшін – «Әке болу – бақыттың бастауы», 10–11 сыныптар үшін – «Болашаққа көзқарас: балаға өз әлеуетін ашуға қалай көмектесу керек». 1–4 сынып ата-аналарына арналған сабақ М. Жұмабаевтың дәйексөзінен басталды. Ата-аналар «Аналықтың жетістігі» сауалнамасын толтырып, «Шын мәнінде қалай болды», «Рет-ретімен орналастыр» топтық тапсырмаларын орындады. Сондай-ақ «Шаршаған ананың күш-қуат көзі» атты миға шабуыл жаттығуын орындап, бақытты ананың чек-парақтарымен танысты. 5–9 сынып ата-аналарына арналған сабақта басты мақсат – ата-аналардың «әке болу» ұғымының мәнін түсінуіне көмектесу, саналы және тиімді ата-аналықтың негізі ретінде бұл ұғымды терең ұғыну, өз мінез-құлқын түзету мүмкіндігін қарастыру болды. 10–11 сынып ата-аналарына арналған сабақтың мақсаты – ата-аналарға жоғары сынып оқушыларын қазіргі заманға сай өмірге дайындау ерекшеліктерін түсіндіру болды. Ата-аналар «Алтын жетілік» жаттығуын орындап, «Мен осылай істер едім» атты топтық жұмысқа қатысты, сондай-ақ «Диалогтық алаңда» шығармашылықпен жұмыс жүргізді. Сабақтың соңында «Ізгі тілектер» жаттығуы өткізілді.

    25.05.2025
    0
    Толығырақ

    Отбасы күні мерекесі қарсаңында қаламызда ерекше мағыналы шара өтті. Көшет отырғығу акциясына қаламыздың мектептері қатысты. 🏢🏢🏢Ұйымдастырылған іс-шараға 8 орта мектебінің басшысы, әкімшілік және екі үлгілі отбасы көгалдандыру акциясына қатысып, қаланың саябақ аумағына жаңа тыныс сыйлады. 🌳🌴🌲🌿Табиғатты аялау мен отбасылық құндылықтарды ұштастырған бұл шара – бір күндік еңбек мерекесі ғана емес, болашаққа бағытталған өнегелі бастама болды. 🌞🌞🌞Көшет отырғызу арқылы балалар ата-анасымен бірге табиғатқа жанашырлық танытып, қоршаған ортаға қамқор болудың маңызын терең ұғынды. 🍀☘️🌿Саябақ аумағына шырша, үйеңкі және жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды. 🌹🌷🌺🥀🌾Көгалдандыру жұмыстарына қатысушылар тек қана еңбек етіп қойған жоқ, табиғат аясында бір-бірімен етене жақындасып, жылы жүздесулер мен игі тілектер алмасты. Әр отырғызылған көшет – болашақ ұрпаққа деген сенім. 💝💝💝Көшеттер егілген жерлерге естелік белгілері қойылды. 🗣️🗣️🗣️Отбасы мен табиғаттың арасындағы үйлесімді байланысты нығайтқан бұл акция алдағы уақытта да дәстүрге айналып, саябақтың жаңғыруына серпін болмақ. Іс-шара соңында мектеп басшысы А.Ф Уалиева ата-аналарымызды Отбасы күнімен құттықтап, жылы лебізін, алғысын білдірді.

    16.05.2025
    0
    Толығырақ

    Экологиялық айлығының аясында 18 сәуір күні мектеп кітапханасында мемлекеттік тілде оқитын 5-6 сыныптар арасында «Табиғат білгіштері» командалық викторинасы өтті. Викторина бес кезіңнен тұрды: «Ертегідегі жануар кейіпкерді анықтау», «Табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы Quizizz викторинасы», «Допты шытырман арқылы откізу» тимбилдинг сайысы, «Адасқан әріптер» әріптердің орнын тауып, табиғат туралы мақалдарды анықтау, «Табиғат туралы ребустарды шешу». Оқушылар белсенділік танытты. 6-сынып командасы жеңіске жеткенімен, 5-сынып оқушылары жұмбақ, мақал-мәтел шешуде жақсы өнер көрсетті. Олар ертегілер мен мультфильмдердегі жануарлардың кейіпкерлерін жақсы білетінін көрсетті. Оқушылар адам мен табиғаттың бір-бірімен байланысы туралы, табиғатты қорғау керектігі туралы ойынның қорытындысын шығарды. Викторина нәтижесінде 6-сынып командасы жеңіске жетті. Сонымен бірге, 6-сынып оқушысы Мұсабек Райымбек викторинаның үздік ойыншы атанды.

    02.05.2025
    0
    Толығырақ

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Білім беру ұйымдарының балаларды тасымалдауы жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер