Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Название страницы

    Әсемдік тұрғысынан  
    №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің педагогтары жұмысына бар жанын салады. Басқаша бола ма? Бұл мектепте тек білім беріп қана қоймай, баланың бойындағы шығармашылық әлеуетін ашады және шынайы дарындыларды өсіреді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашыққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында айтылғандай   оқыту үдерісінде   өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне, ұлттың генетикалық кодын сақтауға баса назар аударылады.
             Қазақстанда мұндай бағытта жұмыс істейтін бес мектеп бар. Мұндағы балалардың бәрі шығармашыл және дарында. Біреулері ән айтса, біреулері би билеп, үшіншілері хореографиямен айналысса, енді біреулері сахна өнерін меңгеруде. Сегізінші метеп өз шәкірттерінің облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі шығармашылық сайыстардағы жетістіктермен танымал.  «Сібірден туылған дарындар!», «Ойна, биле, шырқа», «Астана-Music Gaims», «Сен өмір сүретін Ел!».
    Бұл жерде бала тәрбиесімен ең жоғары деңгейде маман танылған өз ісінің қас шеберлері айналысады. Мысалы сахна тәжірибесін ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері М.В.Лахтин жүргізеді. №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің көркемдік жетекшісі, ҚР білім беру саласының үздігі, қалалық білім бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрайымы Валентина Кулибекова айтқандай вокал-хор және хореография бөлімдерінің әдістемелік бөлімдері Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің "Музыка дисциплинасы" кафедрасымен және облыстық филормониямен серіктестік жасауда. Бұл байланыс бірлескен семинарлар мен концерттерден көрінеді. 2016-2017 оқу жылында баралалрдың құрама қоры мен симфониялық облыстық оркестрдің «Дети за мир и дружбу» жобасы ұйымдастырылды.
    Сегізінші мектептің балалары -қалалық және облыстық іс-шаралардың қалаулы қонақтары. Шеберлігі жағынан олар кәсіби шығармашылық ұжымдарға дес бермейді. 2016-2017 оқу жылында оқушылар мен оқытушылар 35 концерт берді.  Бұл іс-шаралардың әрқайсысы қайталанбастай. Ал репертуар жоспары мектеп директоры Дина Абыльмажинованың назарынан тыс қалмайды.  Жас шығармашыл директор екі жыл бойы педагог ұжымын басқарып, шаруашылық және ұйымдастырушылық жұмыстарды шешіп, әр бала үшін өз баласындай    уайымдайды. Валентина Кулебекова Дина Жанзаковна балалар шығармашылығын қажетті жаққа бағыттай алады. 
    Эстетикалық талғамы бар Дина Жанзаковна әр бөлімнің репертуарлық жоспарына қызығып, әр дайындық пен концертке барады. Сценарий құру кезінде ол педагогтар мен оқушыларды жұмсақ бағыттайды. Бізде тіпті шағын орталық оқушылары да ән айтып, би билейді. Эстетикалық тәрбие жүйесінде көркем шығармашылық үдеріске балаларды қатыстыру жасөспірімдердің бойында эстетикалық талғамды, қоршаған ортаны әсемдік тұрғысынан қабылдауға ұмтылуы мен қабілеттерін қалыптастыруға оң әсерін тигізетінін  Дина Жанзаковна түсінеді, - сдеп санайды Валентина Абуталиповна.
    Жалпы білім беретін бағдарламадан басқа балалар хор өнерін, хореография, бейнелеу өнерін меңгереді. Музыкалық бөлімдерде балалар домбыра, аккардион, жеке ән айту сыныптарында оқытылады.  Мектепте баянистер мен аккодионистердің "Народные узоры"ансамблі, скрипкашылар ансамблі, "Радуга" вокал ансамблі мен үһұлдардан құралған хор бар. Мында вокалдық-аспаптық ансамбль, гитаристер триосы мен "Бұлақтар" би ансамблі бар. Бұдан басқа педагогтар оқушылармен жеке де жұмыс жасайды. Бұл оқушыларды оқуға және шеберлік деңгейінің жоғары жетістігіне деген тұрақты ынтасын дамытуға әрес етеді. Мектеп ұжыммы бір өмірді сүреді. Мұны балалар да, ересектер де сезеді. Валенита Абуталиповна айтқандай, өнер сотқарлар мен тентектердің өздерінен де тілалғыш және ұқыпты бала жасайды.
          -Мен мектепте жұмыс істегенде шаршамаймын. Керісінше балалрдан күн аламын. Өз жұмысымды, балаларды жақсы көремін. Олардан энергиямен толығамын. Біздің педагогикалық ұжымымыз тамаша. Эстетикалық цикл меңгерушісі Наталья Михайловна Фоменко осы мектепте 22 жыл жұмыс істейді. Ол тамаша педагог және өте жақсы адам. Біз мектебімізде  Елена Бортникова, Елена Чуклина, Ольга Семенова, Асем Салгарина сияқты педагогтар қызмет ететінімен мақтанамыз. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу қоғамдық ісіне  педагогика ардагерлері Л.А.Александрованың, Г.П.Коржованың, И.М.Котенованың еңбек сіңірген мәдениет қайраткері В.И.Верещагиннің қосқан үлестері бағасыз.
         Мектепте балаға эстетикалық білім беру мен тәрбиелеудің негізі тұлғаны жан-жақты әрі еркін тәрбиелеуге жағдай жасау, оқушы мен мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру үшін мүмкіндіктерін кеңейтуге әкеліп саятынын жақсы біледі.  Мұнда моральды тәрбиелеуге көп көңіл бөлініп, балаларға мейірімділік, қайырымдылық, ересектерге құрмет көрсету, халқының әр түрлі салттары мен дәстүрлеріне қызығушылық таныту қабілеттерін сіңіруге тырысады. Концерттерде украинаның гопагын, француздың кадрилін немесе веналық вальс билерін орындаушыларды көруге болады. Ән репертуары да сан түрлі. Атап айтсақ, мекдеп директоры Дина Жанзаковна да вокалдық қабілеті болғандықтан сахнаға жиі шығады.
        Бұл жерді қайырымдылық жасауға деген ұмтылыс бағаланады. Оқушылар мен мұғалімдер екі мәрте қайырымдылық концертін ұйымдастырып, нәтижесінде Анастасия Шарапова (192 500 теңге) мен Диана Бейсеноваға (435 000 теңге) көмек көрсетті.
         Педагогтардың пікірінше, мектептің табысты жұмысының көрсеткіші оның танымалдығында. Мектептің әр түрлі шағын аудандарынан балаларды әкеледі. Өткен жылы 928 бала оқыса, биыл оқушылардың саны мыңнан асты. Дегенмен, №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектебінің шәкірті атану үшін қандай ба бір қабілетің болу керек. Егер ол ән айтса - оны тыңдайды, бимен айналысқысы келсе - хореографиялық қабілеттеріне қарайды.
         Валентина Кулибекова сегізінші мектептің педагогтарына мүмкін емес ештеңіе жоқ дейді.  Олар алдына қандай мақсат қой са да, жете алады. Биылғы жылы да педагогтар мен оқушылардың бірлескен күшімен мұғалімдер күніне арналған үлкен концерт ұйымдастырылды.  Бұл жерде өз шығармашлығымен жүректерін жаулау үшін көрермендер күтілуде. 

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Білім беру ұйымдарының балаларды тасымалдауы жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер