Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы "ЖАС ҰЛАН"

            
     

     «Жас Ұлан» ББЖҰ қатарына Петропавл қаласы мектептерінің үздік оқушыларын қабылдау.  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының дамуына үлес қосқаны үшін, «№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ-нің оқушылары «Жас Қыран» үздік балалар мен жасөспірімдер ұйымы» – дипломымен марапатталды.
      
        
          

      «№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ, «№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ, «Дарын» мектеп-лицейі, М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы лицей оқушыларын Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  бастамасымен құрылған Республикалық  бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты түрде қабыладу рәсімі өтті. Барлығы 120 оқушы қабылданды.  Іс-шара ҚР Тәуелсіздік Күніне орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным-тағдырым» бағытының желілік жоспары аясында өткізіледі.

              

              
      
              


     «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның қатарындағы «№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ-нің белсенділері «Ресей мен Қазақстан әріптестігі аясында болашаққа көзқарас» аймақаралық ынтымақтастығы форумына қатысты.  

              
              
      Нұр Отан» партиясы жанындағы  «Жас Отан» Жастар қанатының СҚО филиалы  «Жастар-Отанға!»  партиялық жоба аясында «Әскердегі бір күн» акциясын ұйымдастырды. Акция аясында «№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ-нің «Жас Ұлан» ББЖҰ белсенділері мен «Жас Отан» ЖҚ белсенділері  Қазақстан Республикасы Ұлттық Гвардиясының Әскери институтына барды. Саяхат барысында белсенділер курсанттық казармаға, мұражайға, кітапханаға, психологиялық жеңілдену бөлмесіне барды, әскери техникамен танысты. Оған қоса оқушылар оқу орынның тарихы туралы фильм тамашалады.
     

              

              
         
        «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ-да 7- сынып оқушылары арасында «Тарих білгірлері»  интеллектуалды ойыны өтті. Ойынға 4 команда қатысты, әр команданың башысы «Жас ұлан» РБЖҰ белсенділері болды. Ойын барысында қатысушылар еліміздің тарихын шолып, патриоттық мерекелерді еске алды, Солтүстік Қазақстан облысының географиясымен танысты, еліміздің ұлы тұлғаларының Отан туралы қанатты, нақыл сөздерін жинақтады.

               

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ-да «60 минут» интеллектуалды-танымдық ойыны өтті. Ойынға 5-сынып оқушылары, ата-аналар мен педагогтар қатысты. Қатысушылар «Жас патриот», «Мемлекеттік рәміздер», «Қоршаған орта», «Пәндер бойынша білім» бағыттары бойынша білімдерін көрсетті. Үздік болып 5 «Г» сыныптың «5+» командасы атанды, екінші орынды – 5 «В» сыныпты «Оптимистер» тобы; үшінші орынды 5 «Ә» сыныптың «Білім ұшқырлары» мен 5 «А» сыныптың «Вундеркиндтер» командалары бөлісті. Барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды.

              

              























     

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Білім беру ұйымдарының балаларды тасымалдауы жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер